Біздің жетістіктеріміз

2023 жылы біздің Балалар көркем сурет мектебіне 45 жыл толды
Өткен жыл оқушыларымыздың бізді жетістіктерімен қуантты:

Чехияның Лидица қаласында 51-ші Халықаралық Балалар көркем шығармалар көрмесінде бірінші орын мен медальді Тимофеев Анатолий алды. Амирова Даяна, Чернышева Дарья, Трегубенко Вероника да осы байқауға қатысқаны үшін мақтауға ие болды.
Польшаның Торунь қаласында 2023 жылғы графикалық биенналеде Тимофеев Анатолий, Чернышева Дарья және Төлегенова Дильназ дипломанттар атанды. Жеңімпаздарды дайындағаны үшін Светлана Владимировна Корженкова дипломға ие болды. Барлық дипломанттарға конкурсты ұйымдастырушылар түрлі-түсті буклеттер жіберді.


Байбурина Карина мен Тимофеев Анатолий «Туған жерім – 2023» XVI Халықаралық балалар суреті байқауының жеңімпаздары атанды, Астана қ. ЮНЕСКО клубы.
Чернышева Дарья Ресейдің Обнинск қаласында өткен "Менің замандасым" атты XXIII халықаралық онлайн - портрет байқауында 1 орын алды. Бұл байқауда Амирова Даяна мен Василенко Артем дипломанттар атанды.
Түркі әлемінің жас суретшілерінің "Түркі әлемі - жас суретшілердің көзімен" халықаралық байқауында бірінші орынды біздің түлегіміз Агибаева Динара иеленді, Амирова Даяна осы байқауда 2 орынға ие болды.
Республикалық байқауларда біздің қатысушылар да бірнеше жеңіске жетті:
Жас суретшілердің "Менің жерім – менің елім" республикалық қашықтық байқауында бірінші орынды Лейла Макаева мен Фарида Әбілхасенова, екінші орынды Айсұлу Әбішева иеленді.

Қостанай қаласындағы "Жас толқын -2023" V Республикалық Жас авторлар байқауында бірінші орынды біздің оқушылар Тимофеев Анатолий мен Төртқара Мерей иеленді.
Облыстық "Бояулар құпиясы" жас суретшілер байқауында үшінші орынды Яна Смакова мен Наргиз Издыбаева иеленді.