Мектеп жарғысы
Әкімдіктің 2021 жылғы 20 тамыз № 394 қаулысымен бекітілді |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің «Балалар көркемсурет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
жарғысы
1-тарау. Жалпы ережелер
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің «Балалар көркемсурет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
- Кәсіпорын «Лисаков қаласы білім берудің коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта атау туралы» 2021 жылғы 20 тамыз № 394 Қостанай облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес қайта аталды.
- Кәсіпорын құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.
- Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қостанай облысының әкімдігі жүзеге асырады.
- Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Қостанай облысының әкімдігі (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
- Кәсіпорынның атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің «Балалар көркемсурет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
- Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 2 шағын аудан, 8 үй.
2-тарау. Кәсіпорынның заңды мәртебесі
- Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
- Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
- Кәсіпорын жасасатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.
3-тарау. Кәсіпорынқызметінің мәні мен мақсаттары
- Кәсіпорын қызметінің мәні балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
- Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мақсаты білім алушыларды эстетикалық дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, кәсіби білім мен дағдыларды алу, білім алушылардың, оның ішінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың білім және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
- Кәсіпорын міндеттері:
- жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін жағдайлар жасау;
- тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, дене мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру;
- адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру;
- азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу;
- бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.
- Қойылған мақсатқа қол жету үшін Кәсіпорын қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
- Кәсіпорын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.
- Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі басқару органның, не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
- Кәсіпорынның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруына бағытталған кәсіпорын басшысының іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
4-тарау. Кәсіпорынды басқару
- Жергілікті атқарушы орган:
- Кәсіпорынды құру, қайта құру және жою туралы шешімдер қабылдайды;
- Кәсіпорын Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
- коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;
- Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
- Кәсіпорын мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- Басқару органы:
- қызметтің басым бағыттарын және Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемдерін айқындайды;
- Кәсіпорынның даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
- Кәсіпорын мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды, Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
- Кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын белгілейді;
- белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде Кәсіпорын басшысына, оның орынбасарына (орынбасарларына), бас (аға) бухгалтерге сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;
- Кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
- өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Кәсіпорынның органы оның басшысы болып табылады.
- Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
- Басқару органы кәсіпорын басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
- Кәсіпорын басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
- Кәсіпорын басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру үшін дербес жауапты болады.
- Кәсіпорын басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
- Кәсіпорын басшысы басқару органымен келісім бойынша бас бухгалтерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Басшы:
- Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;
- шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
- сенімхаттар береді;
- банктік шоттар ашады;
- Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;
- өзінің орынбасарларын, бас бухгалтерді қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін басқару органына кандидатуралар ұсынады;
- өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі
- Кәсіпорында білім алушылардың білім беру және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары іске асырылады
- Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары білім алушылардың жеке өзін-өзі айқындауын, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғамдағы өмірге бейімделу, азаматтық өзіндік сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасауды көздейді
6-тарау. Балаларды кәсіпорынға қабылдау тәртібі
- Қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы орталық атқарушы органымен бекітілген «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес айқындалады.
- Білім алушылар қатарына қабылдау Кәсіпорын басшысының бұйрығымен жүргізіледі
- Қабылдау кезінде кәсіпорын мен баланың ата-аналары (өзге де заңды өкілдері) арасында білім беру қызметтерін ұсыну шарты жасалады.
- Оқуға түсу үшін білім алушылармен балалардың бейнелеу өнері саласындағы қабілеттерінің даму деңгейін анықтау мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.
- Балаларды қабылдау кезінде Кәсіпорын балаларды, олардың ата-аналарын және (немесе) заңды өкілдерін жарғымен және білім беру процесін ұйымдастыруды регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстыруды қамтамасыз етеді.
7-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі
(оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілі (тілдері) ,
білім алушылардың сабақ режимі)
- Кәсіпорынның тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
- Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
- Білім беру процесі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
- Мүгедек балалармен тұрғылықты жері бойынша жеке жұмыстар жүргізіледі.
- Кәсіпорын Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми қызметте дербес.
- Кәсіпорын балалардың сұраныстарын, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер) қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени дәстүрлерді ескере отырып, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.
- Кәсіпорындағы білім беру қызметін педагогтар, тиісті бейіндегі мамандар жүзеге асырады.
- Сабақ кестесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес білім алушылар үшін қолайлы режим жасауды, олардың жас ерекшеліктерін, ата-аналарының (өзге де заңды өкілдерінің) тілектерін ескере отырып, кәсіпорын әкімшілігі жасайды және бекітеді.
- Білім беру процесі білім алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады.
- Кәсіпорын өз бетінше, уағдаластық бойынша және (немесе) басқа ұйымдармен бірлесіп балалармен кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді.
- Кәсіпорында қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгеру қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен аяқталады.
- Оқудың толық курсын бітірген, мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырған білім алушылар белгіленген үлгідегі мектепті бітіргені туралы куәлік алады.
- Негізгі оқу курсына дайындау мақсатында даярлау топтарына 6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар қабылданады.
- Даярлау сыныбы ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші бойынша бір жылдан төрт жылға дейін оқытуды қамтиды
- Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.
- Сабақтың ұзақтығы - 40 минут.
- Кәсіпорындағы каникул мерзімі мен ұзақтығы жалпы білім беретін мектептердегі каникул мерзіміне сәйкес келеді.
- Кәсіпорын күнтізбелік жыл бойы білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын, оның ішінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасай отырып ұйымдастырады.
- Жазғы кезеңде арнайы кесте бойынша тамақтанусыз бейіндік лагерь базасында оқу практикасы - пленэр өткізіледі.
- Кәсіпорында оқыту топтық түрде жүзеге асырылады.
- Топтағы білім алушылар саны:
- даярлау курсы (6-11 жас) - 15 адам;
- негізгі курс (12-16 жас) – 8-15 жас;
- кәсіптік бағдарлау сыныбы (16-18 жас) – 8-12 адам.
- Білім алушыларды сыныптан сыныпқа ауыстыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес аттестаттау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
- Кәсіпорында педагогтарды кәсіби даярлау мен қайта даярлаудың оқу-әдістемелік және нысандары – оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мен енгізуге, педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.
- Білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу және білім беру процесін оңтайландыру мақсатында мемлекеттік кәсіпорында әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, медициналық қызметтер құрылады.
- Кәсіпорында Саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
- Кәсіпорынның алқалық басқару нысандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін педагогикалық, қамқоршылық кеңестер болып табылады.
- Білім беру процесінің қатысушылары балалар, педагогтар және білім алушылардың ата-аналары (өзге де заңды өкілдері) болып табылады.
8-тарау. Білім алушылардың білімін ағымдағы бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі,
оларды өткізу нысандары мен тәртібі
- Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау нысаны, тәртібі және кезеңділігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгеру қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен аяқталады.
9-тарау. Білім алушыларды оқудан шығару негіздемелері мен тәртібі
- Шығару туралы шешім төтенше шара ретінде қарастырылады.
- Білім алушыларды оқудан шығару Кәсіпорын басшысының бұйрығымен ресімделеді.
- Шығару үшін негіздемелер:
- ата-аналарының (өзге де заңды өкілдерінің) өтініші (қалауы) бойынша;
- педагогикалық кеңестің шешімі бойынша құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім алушылардың осы Жарғыны, ішкі тәртіп ережелерін өрескел бірнеше рет бұзғаны, дәлелді себепсіз бір айдан астам уақыт сабақты өткізгені үшін.
10-тарау. Ақылы қызметтер көрсетудің тізбесі мен тәртібі
- Бюджет қаражаты есебінен білім алушыларға кәсіпорын көрсететін білім беру қызметтері тегін көрсетіледі.
- Кәсіпорынның ақылы қызметтерді ұсыну тізбесі мен тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
11-тарау. Кәсіпорынның білім алушылармен және (немесе) олардың ата-аналарымен және (немесе) өзге де заңды өкілдерімен қарым-қатынастарды ресімдеу тәртібі
- Кәсіпорын, білім алушылар, олардың ата-аналары және (немесе) өзге де заңды өкілдері арасындағы өзара қарым-қатынастар кәсіпорынның білім беру қызметтерін ұсыну туралы шартқа және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес белгіленеді.
- Білім алушылардың құқығы:
- сапалы білім алу;
- өз пікірін және сенімін еркін білдіру;
- өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
- оқудағы және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алу;
- білім беру саласындағы заңнамалық актілерде айқындалған басқа да құқықтар жатады.
- Білім алушыларды оқу процесінен алшақтатуға жол берілмейді.
- Білім алушылар міндетті:
- білімді, іскерлікті, практикалық дағдыларды және құзыреттерді меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, Кәсіпорынның жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті;
- өз денсаулығына қамқорлық жасауға, рухани және физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға тиіс;
- педагогтың ар-намысы мен қадір-қасиетін, білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге;
- білім беру саласындағы заңнамалық актілерде айқындалған басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
- Оқушылардың міндеттерін бұзғаны үшін оларға ішкі тәртіп ережелерінде және Кәсіпорынның жарғысында көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары немесе білім беру қызметтерін ұсыну туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
- Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің құқықтары:
- баланың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымдарын таңдау;
- өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты Кәсіпорыннан ақпарат алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің кәмелетке толмаған балаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- білім беру саласындағы заңнамалық актілерде айқындалған басқа да құқықтар.
- Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдерінің міндеттері:
- балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау, олардың зияткерлік және дене күшінің дамуын, өнегелі қалыптасуын қамтамасыз ету;
- Кәсіпорынға балаларды оқыту мен тәрбиелеуде көмек көрсету;
- Кәсіпорынның жарғысында белгіленген ережелерді орындау;
- балалардың Кәсіпорындағы сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету;
- Кәсіпорын қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
- білім беру саласындағы заңнамалық актілерде айқындалған басқа да міндеттерді орындау.
- Кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде Педагогтың құқығы:
- білім алушылар мен олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан мамандыққа құрметпен қарауға және тиісті мінез-құлыққа;
- ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
- ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыру, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу;
- бес жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыруға;
- үздіксіз кәсіптік дамыту және біліктілікті арттыру нысандарын таңдау;
- кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін көтермелеуге;
- білім алушылар мен олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар.
- Педагогтың құқықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.
- Педагог міндетті:
- өз қызметінде тиісті кәсіби құзыреттерді меңгеру;
- оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын қамтамасыз етуге;
- өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде кемінде бес жылда бір рет біліктілік санаты деңгейін арттыруға (растауға);
- педагогикалық әдепті сақтауға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық тексерістен өтуге;
- білім алушылар мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
- балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-аналарына, үлкендеріне, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет, жоғары адамгершілік, патриотизм, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу;
- білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
- білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультация беруге міндетті.
- Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушыларды саяси, діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру үшін, азаматтардың әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілілігі, діни немесе тілдік қатыстылығы, олардың дінге көзқарасы белгісі бойынша айрықшалығын, артықшылығын не кемдігін насихаттайтын үгіттеу үшін, оның ішінде білім алушыларға тарихи, ұлттық немесе діни наным-сенімдер туралы, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес.
12-тарау. Кәсіпорынның мүлкі
- Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
- Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
- Кәсіпорынның мүлкі:
- оған меншік иесі берген мүліктең;
- өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
- Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
- Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
- Жедел басқару мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның жедел басқаруына түседі.
- Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
- Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
- Кәсіпорынның мүлкін жедел басқару құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 249-бабында меншік құқығын тоқтату үшін көзделген негіздер мен тәртіп бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 91-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
- Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті атқарушы орган басқару органымен келісім бойынша кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті алып қоюға не оны өзі құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
- Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде Жергілікті атқарушы орган Кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеуге құқылы.
- Осы Жарғының 89-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпорын өзіне бекітілген, негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге, дебиторлық берешекті жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен ғана беруге және есептен шығаруға құқылы.
- Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
13-тарау. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
- Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
- Кәсіпорын таза табыстың бір бөлігін облыстық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
- Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес өткізеді.
- Кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын басқару органы белгілейді.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
14-тарау. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
- Кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.
15-тарау. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
- Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және шағын және орта бизнес үшін халықаралық стандартқа сәйкес кәсіпорын басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
16-тарау. Кәсіпорынның жауапкершілігі
- Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Осы заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, қазыналық кәсіпорынның қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.
- Кәсіпорын мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
- Ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
17-тарау. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу
- Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын басқару органы белгілейді.
- Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекке ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгілейді.
18-тарау. Еңбек ұжымымен өзара қатынас
- Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
- Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
19-тарау. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
- Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
- Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
- Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
- Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, облыстық бюджеттің табысына есептеледі.
20-тарау. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
- Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.
Басшы
Карженкова Светлана Владимировна